Азиада қарсаңындағы Ашғабат
Ашғабаттағы Мир-1 және Мир-2 шағын аудандарындағы жолдарда бетон қоршаулар пайда болып, автокөлік қозғалысы шектелген.
Түркіменстан астанасындағы жолы жабылған көшелердің бірі.
Шағын ауданда көшедегі жолға қойылған бетон бөгеттердің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар.
Халық тығыз қоныстанған шағын аудандағы көшеге қойылған бөгеттер.
Көшедегі жолда тұрған полиция көлігі.
Түркіменстан билігі жабық алаңдарда өтетін Азиада ойындарына қаржыны аямай жұмсаған. Азиада ойындарына дайындыққа байланысты Ашғабаттағы орта, арнайы орты және жоғары білім беретін оқу орындарының оқытушыларын биыл жазғы демалысқа жіберген жоқ.
Хабарларға қарағанда, мамыр айынан бастап Ашғабатта бұрын сотталған адамдарды полицияға шақыртып, оларға Азиада ойындары аясында өтетін кез-келген шараға қатысуға тыйым салынатындығын айтып ескерткен.
Ашғабатта Азиада ойындарының ашылу салтанатына дайындық жалғасып жатыр.
Азиада ойындарының ашылу рәсіміне дайындыққа қатысушылар.
Ашғабатқа өзге өңірлерден келетін көліктерді кіргізбеу үшін Түркіменстан билігі қаланың шетінен оларға арнайы автотұрақ салған.